"Алматы-Атырау" бағытында қосымша пойыз қатынайды

18 Сәуір 2024, 14:57
208
Бөлісу:
"Алматы-Атырау" бағытында қосымша пойыз қатынайды
Фото: ҚТЖ

Ұлттық тасымалдаушы "Алматы-Атырау" бағыты бойынша қосымша пойыз тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық тасымалдаушы "Алматы-Атырау" және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз тағайындады. 

№215/216 "Алматы-Атырау" пойызы келесі кестеге сәйкес қатынайды: 

- Алматыдан 19 сәуірде сағат 13:40-та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32-де келеді; 

- Атыраудан 21 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50-де келеді. 

№215/216 "Алматы-Атырау" пойызына билеттер купе вагондарында да, плацкарт вагондарында да қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы