Алматы апаттан көз ашар емес: кезекті жол апатынан үш адам зардап шекті

Алдын ала мәлімет бойынша, Geely Emgrand көлігі Коперник көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, қауіпті бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік жол жиегіндегі бордюрден асып өтіп, тротуарға шығып кеткен.

 ашық дереккөз /zakon.kz Бүгiн 2026, 04:48
Бүгiн 2026, 04:48
149
Фото: ашық дереккөз /zakon.kz

Алматыда 5 маусымға қараған түні Горкий аиындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Geely Emgrand көлігі Коперник көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, қауіпті бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік жол жиегіндегі бордюрден асып өтіп, тротуарға шығып кеткен.

Абырой болғанда, сол сәтте жаяу жүргіншілер жолында ешкім болмаған. Көліктің қозғалысы ағашқа соғылғаннан кейін ғана тоқтаған.

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің алдыңғы бөлігі қатты зақымданып, қозғалтқышы салонға қарай ығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушінің аяқтары қысылып қалып, екі аяғы да сынған болуы мүмкін. Сондай-ақ екі жолаушы да жарақат алған.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға куәгерлері көліктегі жастардың мас күйде болуы мүмкін екенін айтқан. Олардың сөзінше, салоннан алкоголь құйылған ашық бөтелкелер мен стақандар байқалған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Жүргізушінің нақты жағдайы мен апаттың себептері медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Наверх