Алматы әкімі көше жөндеу жұмыстары қашан басталатынын айтты

28 Наурыз 2024, 10:05
1353
Бөлісу:
Алматы әкімі көше жөндеу жұмыстары қашан басталатынын айтты
Фото: Тікелей эфирден скриншот

Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Халықпен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі инфрақұрылым мен жол сапасына шағымданған тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, нақты жұмыстар қашан басталатынын айтты.

Қала инфрақұрылымы көп жылдан бері жаңармаған. Жетісу бұрыннан бар аудандардың бірі болғандықтан мұнда инфрақұрылымның біраз бөлігі тозған. Біз жөндеу және жаңарту жұмыстарына қаражат бөлдік. Асфальтбетон зауытын уақытынан бұрын іске қостық. Ол өндірістік қуатына жеткен кезде жұмыстар толыққанды басталады. Сондай-ақ, ылғал жерге асфальт төсеу дұрыс емес екенін ескеру қажет. Өйткені су кеткеннен кейін оның бәрі қайта бұзылып, маған екі есе артық шағым түседі. Сондықтан температура тұрақталған соң, шамамен, сәуір айынан бастап жөндеу жұмыстары басталады. Жөндеуге ғана биыл 500 миллион теңге бөлінді. Оған қоса, әртүрлі шағын жөндеу жұмыстарына қосымша 100 миилион теңге әр ауданға бөлінді, – деді Ерболат Досаев.

Өзгелердің жаңалығы