Алматы әкімі газға қосылмаған үйлердің мәселесі қашан шешілетінін айтты

27 Сәуір 2023, 15:42
953
Бөлісу:
Алматы әкімі газға қосылмаған үйлердің мәселесі қашан шешілетінін айтты
Фото: kstnews.kz

Алатау ауданына қарасты «Мәдениет» шағын ауданында 215-тен астам үйлердің тұрғындары газдың жоқ екенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мен әкімнің кездесулеріне 5-ші рет келіп отырмын. Тұрғындар газ балондарымен отыр, ертең бір жағдай бола қалса не істейтімізді білмейміз. Өртке оранып кетпесек болғаны. Әлде газ қою үшін де бір жағдай болуы керек па? Біздің тұрғын үйдің газсыз отырғанына 4 жыл болды. Осы мәселе қашан шешілетінін әкімдіктен сұрағым келеді, – дейді қала тұрғыны.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың айтуынша, биыл 30-40 үйге газ тартылады. Қалған үйлерге газ келесі жылы тартылуы мүмкін.

Газ орнату Алматы қаласына қарамайды, газ құбырларын салып жатқан «ҚазТрансгаз аймақ» деген кәсіпорын бар. Қазіргі уақытта «Мәдениет» шағын ауданында газға қосылмаған 215-тей үй бар екен. Өткен жолы тапсырма берілгенен кейін осы жылы бөлінген қаражатқа сәйкес 30-40 үйге газ кіреді. Қалған үйлер келесі жылға қалдырылады. Бүгінде артық бөлінген қаражат жоқ, – деп атап өтті Е.Досаев аудан тұрғындармен кездесу барысында.

Өзгелердің жаңалығы