Алматыда 15 медицина қызметкері індет жұқтырған

12 Сәуір 2020, 22:57
1083
Бөлісу:
Алматыда 15 медицина қызметкері індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 15 адам түгелдей медицина саласының мамандары. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Алматыда 12 сәуірде COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар. Жалпы, екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және т. б. мамандар бар - делінген хабарламада.

Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. 

Өзгелердің жаңалығы