Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның қай өңірінде АЭС салған тиімді екенін айтты

8 Ақпан 2022, 12:31
1811
Бөлісу:
Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның қай өңірінде АЭС салған тиімді екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

Ұлттық энергетикалық желіні жаңғыртудың жаңа жобасы негізгі жобалардың бірі болуы керек. Бұл желілерге жаңа қуат көздерін қосу үшін қажет дүние. Оның ішінде жаңартылатын қуат көздері де бар. Атап айтсақ, қазірдің өзінде электр энергиясын өндіру және тұтыну балансының болжамына қарап отырып, елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін іске қосу керектігі қазірдің өзінде байқалып отыр. Бұл мәселені жасыл технология есебінен шешу тиімді, - деді Сәтқалиев. 

Ол АЭС-ті Қазақстанның оңтүстігінен салу тиімділігін айтты. 

Күн тәртібінде жасыл технологиялар тұрғанын ескерсек, біздің көзқарасымыз бойынша атом электр стансасын Қазақстанның оңтүстігінде  салу анағұрлым тиімді шешім болады, - деді Сәтқалиев. 

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қордың реформасын талқылау 10 күннен кейін талқыланатынын жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы