Алла Гаврина: Құжат бойынша Алла Николайқызымын

15 Қыркүйек 2023, 13:44
2591
Бөлісу:
Алла Гаврина: Құжат бойынша Алла Николайқызымын
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Шаңырақтың" бесінші саны жарыққа шықты. Түрі өзгеше болса да тілі бір қазақстандық азаматтарды алқаға шақырып, әңгіме құратын бағдардаманың бұл жолғы қонағы - Ұлттық арнаның дикторы, қостанайлық Алла Гаврина, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанайда туып, өсіп, қазақ мектебінде сауат ашқан Алла қазір қазақшадан бөлек ағылшын, француз тілдерін де жетік біледі. Балалық шақ, мектептегі қызықтар мен ағайын ішіндегі әдемі әңгімелер тұшымды өрілді. Әсіресе, Алланың қазақ тілі туралы айтқан толымды пікірлері көпшілікті бей-жай қалдырмасы анық.

Негізінен қазақтілді ортамен араласамын. Арагідік орыстілді қазақ достарыммен кездесе қалғанда байқаймын: олар да менің ыңғайыма жығылып, қазақша сөйлеуге тырысады, - дейді Алла.

Осы үрдіс жалғаса бергенін біз де қалаймыз, "Шаңырақтың" да көздеген мақсаты осы!

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Бұған дейін "Шаңырақтың" қонағы - астаналық күрд диаспорасының өкілі, өзі биші, өзі балуан Сәлім Айлазов деген азамат болды.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы