«Әліппені» үйретуге екі тоқсанда 98 сағат бөлінген

2 Қараша 2020, 14:25
3340
Бөлісу:
«Әліппені» үйретуге екі тоқсанда 98 сағат бөлінген
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры Манара Адамова  «Әліппені» үйретуге екі тоқсанда 98 сағат бөлінгенін айта кетті.

2016 жылы жаңа оқу бағдарламасы енгізілгеннен бері бізде  «Сауат ашу» оқулығы пайдаланып келді. Ата-аналар тарапынан бұрынғы  «Әліппені» іздегендер көп болды. Енді  «Сауат ашу» мен «Әліппенің» айырмашылығына келетін болсақ, «Әліппе» мен «Ана тілі» екеуі бірге  «Сауат ашуға» кіріктірілген болатын. Алдағы оқу жылына дайындалып жатқан «Әліппе» бөлек. 2021-2022 жылғы оқу жылында «Әліппе» мен «Ана тілі» бөлек оқытылады,- дейді Манара Адамова. 
 

Оның айтуынша,  «Әліппеге» екі тоқсанда 98 сағат бөлінген. Алдымен 2 «Әліппеге» дейінгі кезеңге екі апта бөлінген. Одан «Әліппе» басталады.
 

Әліппенің» мазмұны Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесіне негізделген. Ол кісінің методикасында «Әліппеге» дейінгі кезеңде суретпен жаттықтыру деген бар. Бізде басында екі апта солай істейміз. Әріқарай әріп үйрену басталады. Желтоқсан айында «Әліппемен» қоштасу болады. Сосын қаңтар айындағы үшінші тоқсанда «Ана тілі» жалғасады, - дейді Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры.
 

Өзгелердің жаңалығы