Алина Ертөстік әйелдер күресінен қола медаль иеленді

30 Шілде 2022, 11:11
1757
Бөлісу:
Алина Ертөстік әйелдер күресінен қола медаль иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Алина Ертөстік Италиядағы әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Спортшы өзін 73 келіге дейінгі санатта көрсетті. Жартылай финалда Алина әлем чемпионы атанған үндістандық балуанға жол берді. 

Үшінші орын үшін айқаста қазақстандық спортшы америкалық Кайулани Гарсиямен кездесті. Біздің спортшы өз басымдығын байқатты. Осылайша Алина Ертөстік қола медаль иеленді.

Өзгелердің жаңалығы