Алимент төлемей жүрген. Министр Нұржан Әлтаевтың партиясы неге тіркелмегенін айтты

29 Желтоқсан 2021, 13:00
1693
Бөлісу:
Алимент төлемей жүрген. Министр Нұржан Әлтаевтың партиясы неге тіркелмегенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Партиялар мен бастамашы топтар бұл мәліметті өздері жариялауы керек. Тіркеуші орган  тіркемеудің себебін айта алмайды. Бұл олардың мәртебесіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мен «Ел тірегі» бастамашы топ туралы айта аламын. Оның негізін қалаушы Нұржан Әлтаев көп алаң  мен брифингте оның партиясын  негізсіз тіркемей жүргенін айтып жүрді. Бұл жерде екі мәселені айтуға болады, - деді Бекетаев.

Министр айтқандай, бастамашы топ өзгертілмеген құжат пакетін 16 рет ұсынған.

Біз айтқан келеңсіздіктерді олар қалпына келтірмеді. Бұл жерде ол бетін қайтара беретін құрбанның кейпіне енген сияқты. Мен сол үшін бұл жерде тіркемеудің себебін айтып отырмын. Ештеңе өзгертілмеді. Құжаттардағы қателер түзетілмеді. Екіншіден, Нұржан Әлтаев жеке қабылдауға келгенде шағымданды. Мен оған құжаттардағы қателерді түзеу бойынша кеңес бердім. Қазір оның әрекетіне баға бермеймін. Тек бірнеше деректі айтамын, - деді ол.

Министр Нұржан Әлтаевтың бірнеше мәрте алимент төлемегенін айтты.

Ол алимент қарызын сот орындаушының айтқанынан кейін төлеп жүрді. Соңғы алиментті жаз айында төледі. Оның құны 2 млн теңгеге жуық қаражат болды. Оны кеш төленген соң ол мұны айыппұлмен бірге өтеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы