Әлихан Смайылов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

9 Шілде 2022, 09:45
1342
Бөлісу:
Әлихан Смайылов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар! 

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – халықтың ырысын молайтып, береке-бірлігін арттыратын, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа шақыратын қасиетті мейрам.

Бұл мерекеде әрбір мұсылман баласы жақсылық істеуге асығып, бір-біріне көмек қолын созып, жақындарына жақсы тілектерін арнайды.

Осынау қасиетті мерекеде әрбір отбасына амандық, зор денсаулық, елімізге бейбіт өмір тілеймін!

Құрбан айтта шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын!

Өзгелердің жаңалығы