Алғаш рет "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы табысталады

15 Маусым 2022, 00:26
2370
Бөлісу:
Алғаш рет "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы табысталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі алғаш рет "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы табысталатынын мәлімдеді.

Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады.

Олар:

Үздік проза;

Үздік поэзия;

Үздік драматургия;

Үздік әдеби аударма;

Үздік балалар әдебиеті;

Үздік комикс;

Үздік кітап дизайны.

Конкурсқа отандық қаламгерлер қатыса алады.

Ал шығармалар 15 маусым мен 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

Өзгелердің жаңалығы