Әлеуметтік желі әсерін асыра қабылдамау керек – сарапшы

3 Маусым 2023, 14:01
1376
Бөлісу:
Әлеуметтік желі әсерін асыра қабылдамау керек – сарапшы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив

Бүгінде әлеуметтік желі қарапайым халық үшін пікірін ашық айтатын мінберге айналды. Осы орайда, әлеуметтік желінің елдің саяси өмірдегі орнына сарапшылар баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саясаттанушы Мақсат Жақау BAQ.KZ Ақпарат агенттігінің «Жаңарған Қазақстан» атты жаңа жобасында бұрын әлеуметтік желі болмағанда, халық БАҚ құралдарына шыққанын айтты.

Әлеуметтік желіні азаматтық қоғам деп айту керек. Себебі бұрын әлеуметтік желі болмағанда, халық БАҚ құралдарына шығатын еді. Сол кезде сол жерден жауап беріліп отырды. Қазір мобильді ақпараттық алмасу болғандықтан, әлеуметтік желі арқылы шығады. Сөзсіз бұл жерде дұрыс мәдениет қалыптасу керек. Бір жақты «жерден алып, жерге салған» дүниелер болса, оны да тәрбиелеу керек, - деді саясаттанушы Мақсат Жақау. 

Ал сарапшы Ризат Елубаев әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысына тікелей өтініш айту деректерінің көбеюі себебін атады. 

Қазақстан Республикасы жанында да өтініштерді қабылдау арнайы бөлімі құрылған болатын. Әлеуметтік желілер арқылы Президентке тікелей жолдаулар көбейіп кетті. Бұның көбеюінің себебі оған дейінгі орналасқан ведомстволар, жауапты әкімдіктердің тиісті мәселелерді шешпегендігін көрсетеді, - деді ол.

Десе де, сарапшы әлеуметтік желі әсерін асыра қабылдаудың да қажеті жоқ екенін жеткізді.

Әлеуметтік желі – ауқымды фактор. Бірақ оның әсерін де асыра қабылдамауымыз керек. Соңғы Парламент сайлауы соны көрсетті ғой. Яғни тек қана әлеуметтік желі факторына күшін жұмсаған партиялар жеңіске жете алған жоқ. Қоғам офлайн режимде де, көзбе-көз диалогты талап ететіні айқын көрінді, - деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы