Әлеуметтік көмекке мұқтаж 325 отбасы анықталды

26 Ақпан 2024, 15:39
290
Бөлісу:
Әлеуметтік көмекке мұқтаж 325 отбасы анықталды
Фото: скриншот

Қаңтарда әлеуметтік көмекке мұқтаж 325 отбасы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында учаскелік инспекторлар қолайсыз жағдайдағы отбасыларға 67 343 тексеру жүргізіп, арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж 2349 отбасыны анықтады. Оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді, - деді ол.

Аталмыш жағдайға байланысты полиция өкілдері Алматы қаласында қолайсыз отбасыларды тексеру кезінде жағдайы өте нашар отбасыны анықтаған. Үй іші антисанитария, балалары аш, ал олардың әкелері қатты мас күйде болған. Онымен қоса, үйден оның спирттік ішімдікті бірге ішетін досы да табылған.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, балалар кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына, ал ер адам наркология орталығына емделуге орналастырылды, -деп атап өтті спикер.

Өзгелердің жаңалығы