Әлеуметтік келісім – ел тыныштығының кепілі

18 Қазан 2022, 14:48
1503
Бөлісу:
Әлеуметтік келісім – ел тыныштығының кепілі
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін Түркістан қаласы Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектепте «Әлеуметтік келісім – ел тыныштығының кепілі» атты іс-шара болып өтті, деп хабарлайды Түркістан облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған іс-шараның мақсаты – қазақ жерінде өмір сүріп жатқан түрлі этностардың тоғысқан тағдыры мен тарихын түсіндіру, қазіргідей бейбіт заманда азаматтарды тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға шақыру.

Әлеуметтік келісім – ел тыныштығының кепілі

«Түркістан қалалық Чернобыль-Семей одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асқар Сарсенбаевтың айтуынша, Қазақстан көптеген этностарды қиын-қыстау кезеңдерде құшақ жая қарсы алып, жатсынбай ғұмыр кешудің арқасында қазіргі бейбіт күнге жетіп отыр. 

Әлеуметтік келісім – ел тыныштығының кепілі

Осы ретте елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы да өзінің міндетін жақсы атқарып келеді. Сонымен бірге жұртшылықтың арасында ауызбіршілік пен татулықтың кеңінен етек жаюына барынша алтын көпір болып келе жатқан қоғамдық маңызды институттардың бірі.

Жаңа Қазақстанға жаңаша ойлайтын жас буын қажет. Мектеп оқушыларымен бүгінгі кездесуде оларға ұлтаралық бірліктің өте маңызды екенін, қазіргідей алмағайып заманда күшпен емес, біліммен жарысудың, өзара ынтымақта болудың, қоғамда алауыздықты болдырмай, бейбіт аспан астында жарасымды ғұмыр кешуге болатынын тереңінен түсіндіріп өтуге тырыстық. Себебі, барша қазақстандықтардың басты байлығы ол – достығы мен татулығы екені сөзсіз. Алда 25 қазан Республика күні келе жатыр, Тәуелсіз Отанымыздың мерейтойы құтты болсын, еліміз тыныш, халқымыздың бірлігі арта берсін, - деді «Түркістан қалалық Чернобыль-Семей одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асқар Амантайұлы. 

Жиын барысында мектеп оқушыларына этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ұлтаралық татулық ел дамуының кепілі жайында басқа да толғамды әңгімелер айтылды. 

Әлеуметтік келісім – ел тыныштығының кепілі
Өзгелердің жаңалығы