Әлемнің жетекші ғалымдары омикрон жайлы не дейді?

14 Қаңтар 2022, 11:29
2341
Бөлісу:
Әлемнің жетекші ғалымдары омикрон жайлы не дейді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова әлемнің жетекші елдері коронавирустың «омикрон» штамына қарсы қандай күрес жүргізіп жатқанын айтты.

Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакцинация жүргізу «омикрон» штамын жұққанда асқынуды және өлім жағдайына жеткізбейді, оның үстіне 70% - ға қорғайды. Бүгінгі таңда Алматы қаласында КВИ-ге қарсы иммундық қабат шамамен 60%. Атап айтқада вакцина алғандар 51,3% + соңғы жылы ауырып жазылғандар 8,2%, бұл әлі де жеткіліксіз,-деді ол.

Осыған байланысты, вакцинацияланбаған азаматтар вакцина алып, вакцинаны алған азаматтар 6 айдан кейін ревакцинациялануы қажет. Қала тұрғындары барлық шектеу шараларының талаптарын қатаң орындап, қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауы керек.

Әбдіжаббарова  сөз арасында соңғы аптада өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар арасында вирусты жұқтыру 2 есеге, яғни 31% - дан 40,3% - ға дейін ұлғайғанын жеткізді.

Ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері арасында жұқтыру 26% деңгейінде қалған. Бұл контингенттер басқа контингенттермен салыстырғанда инфекцияның таралуына ықпал ететін неғұрлым белсенді өмір салтын ұстанатын халық болып табылады (зейнеткерлер арасында 15% - дан 12% - ға дейін, балалар арасында 4,6% - дан 3,5% - ға дейін төмендеді),-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы