Әлемнің 63 елінде маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді

13 Шілде 2022, 07:50
2155
Бөлісу:
Әлемнің 63 елінде маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус келесі аптада ауруға қарсы шаралардың тиімділігі қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маймыл шешегіне келетін болсақ, қазіргі уақытта 63 елде 9200 жағдай тіркелген. Маймыл шешегі бойынша төтенше жағдай комитеті келесі аптада жиналып, орын алған құбылыстарды, қарсы шаралардың тиімділігін қарастырады және мемлекеттер мен қауымдастықтарға індетпен күрес үшін не істеу керектігі бойынша ұсыныстар береді, – деп келтірді РИА Новости ДДСҰ басшысының сөзін.

Маймыл шешегі – сирек кездесетін вирустық инфекция. Әдетте бұл жеңіл жүретін ауру және көптеген адам бірнеше апта бойында емделіп кетеді, бірақ кейбіреулерінде асқынулар болуы мүмкін. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі маймыл шешегі жыныстық жолмен берілетін инфекция деп санамайды, бірақ оны жұқтырған адаммен физикалық тығыз байланыста болған адамға да берілетіні айтылады.

Маймыл шешегінің алғашқы белгілеріне дене қызуы, бас ауруы, бұлшықетттердің ауырсынуы, арқаның ауыруы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қалтырау, әлісреу жатады. Денеде бөртпе пайда болуы мүмкін, көбінесе беттен басталып, содан кейін дененің басқа бөліктеріне таралады.

Өзгелердің жаңалығы