Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – әлемдік рухани алаң

19 Сәуір 2023, 03:17
1879
Бөлісу:
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – әлемдік рухани алаң
Фото: religions-congress.org/kz

Қазақстан тəуелсіздік жылдарында дінаралық және этносаралық татулықтың өміршең екендігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы ерекше рөлін, халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Бұл туралы Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі басшысы м.у.а. А.Тағай ой-пікір бөлісті.

А.Тағайдың сөзінше, конфессияаралық келісім – егеменді еліміз Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу.

Дінаралық татулық тұғырын биік әрі берік етіп, қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық сезіне отырып, елімізде үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізілуде. Бүгінде Астана атауы биік мінберлерден тек саяси-экономикалық форумдарға қатысты ғана емес, дін саласындағы түйткілді тақырыптардың түйінін тарқату ісіне байланысты да жиі аталуда. 

Конфессияаралық келісімнің басты мақсаты – Қазақстан еліндегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дәстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуы деп біледі. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адами құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық алмасулардың алаңына айналғандай. Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі» төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда, - деп атап көрсетті А. Тағай.

Сонымен қатар, А. Тағай Астана ұсынған рухани алаңның қоғамға тигізер пайдасын айтып өтті.

Діни конфессиялардың әлемдік көшбасшыларының басын бір мақсат жолына тоғыстырып, ортақ адамзаттық адамгершілік идеяларына жүгіндіруі, ғаламдық дін лидерлерінің 3 жыл сайын басын қосып, сол бүкіл әлемнің дүбірлі аймақтары мен жаһандық радикализмнің алдын алуға белсене атсалысып, әлемді торлаған терроризм тәлкегінен арылтып, экстремизм әлегінен құтылуға таптырмас әлемдік рухани алаң, - де пжазды А. Тағай.

Өзгелердің жаңалығы