Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды

24 Мамыр 2022, 15:31
4261
Бөлісу:
Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін – қазақтың намысын халықаралық аренада қорғап жүрген танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. «Жігітке жеті  өнер де аз» демекші Димаш туралы тағы бір мәрте жазсақ, артық болмас деп ойлаймыз.

Өз туған күні Димаш Құдайберген instagram желісінде 28-ге толғанын жариялады. Әншіні туған күнімен құттықтаушылар саны 5 мыңнан асты. 

Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев – облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева да әнші. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды

Димаш ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында «Айналайын»республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанған. 

2010 жылы «Байқонырдың Әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түседі.

Шабандоз

Димаштың дауысы 6 октава, бұл адам мүмкіндігі үшін таңқаларлық ауқым. 

Димаш әр түрлі жанрдағы вокалдық шығармаларды әртүрлі тілдерде орындайды.

Нағыз танымалдық Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлдада Димаш Құдайбергенов “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

27 наурызда 2017 Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов «Top Chinese Music Awards» номинацияның жеңімпазы атанды. Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші «Азиядағы ең атақты әнші» номинациясын жеңіп алды. Марапаттау церемониясы кезінде Димаш SOS d'un terrien en détresse әнін орындады.

Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы «Singer 2017» жобасында екінші орын алды. Димаш өзінің ақтық сынағында Қытайдың әншісі Шан Венжемен дуэт құрып ән айтады. Ақтық сынақта ол Майкл Джексонның: Dangerous, Billie Jean, The Way You Make Me Feel және Earth song атты әндерін айтып шығады. Ал бірінші орынды болса Қытай қызы Sandy Lam жеңіп алады.

2017 жылы «Астана арена» спорт кешенінің стадионында «BASTAU live show» атты алғашқы ірі жеке концертін өткізді. 

Ал 2018 жылғы 19 қарашада Лондонда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Indigo at the O2" концерт залы лық толып, қазақстандық әншінің табынушылары әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. 

Барлығы 45 елден тыңдармандар келіпті. Екі сағатқа созылған концерт өте жоғары деңгейде өтіп, баршаның көңілінен шықты. Әр нөмірдің декорациясы да, костюмі де әртүрлі болған. Жанды дыбыс пен Димаш Құдайбергеннің дауысы құлақтың құрышын қандырып, әрбір жанды елітіп әкеткендей болды, дейді шоу ұйымдастырушылары. 

Әндердің бірі кезінде Димаш фан-зонадағы көрермендерге пиджагін лақтырды. Бір ерекшелігі, бұл зонадағы көрермендер қойылымның ажырамас бөлігіндей болып, концертке бастан-аяқ қатысты. Концерт барысында халықтың жүрегінен орын алған әндермен қатар, жаңа туындылар да таныстырылды: Adagio, Дайдидау, Сағындым, M. Jackson Tribuet, The Show Must go on, Лейла, If I Never Breathe Again және тағы басқалары. Шоудың шарықтау шегі Димаш сол кеште өзінің жан досы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнаған "SOS d'un terrien" композициясы болған еді. Димаштың орындауы жиналған қауымды елжіреткені сонша, ду қол шапалақ ұзақ уақыт тоқтамады. 2019 жылдың 8 наурызында "Аққуым"  әніне, 23 сәуірде "Любовь уставших лебедей" әніне бейнебаяндар шығады.

2017 жылғы 2 желтоқсанда Бейжіңде "iQiyi Scream Night" салтанаты өтті. 2014 жылдан бастап оған шоу-бизнестің жүздеген жас жұлдыздары қатысады. "iQiyi Scream Night" жастардың театрдың, музыканың, киноның түрлі салаларындағы нақты жетістіктерін көрсете отырып, Қытайдың ойын-сауық және мәдениет индустриясын ілгерілетуге бағытталған. "IQiyi Scream Night" нұсқасы бойынша "ең танымал әнші" номинациясында жеңіске жеткеннен кейін Димаш мынадай сөздер айтты.

Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды

Менің не сезінетінімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, өйткені бұл әр адамның арманы — өз ісінде жетістікке жету. Өз ісінің шебері және асом болу, ол оған өмірін арнайды. Міне, мен өз көрермендеріме алғыс айтқым келеді. Менің ойымша, "жылдың үздік әншісі" Бұл марапатты "алдын-ала" алды, өйткені әлі жас, әлі де көп нәрсені дәлелдеу керек. Мен жетістікке жетіп, сіздермен бірге арманға ұмтылғым келеді, құрметті жанкүйерлер! Осындай сыйлық үшін рахмет, - деді Димаш.

2019 жылы Димаш Құдайберген CBS арнасының The World's Best атты таланттар шоуына қатысты. Байқаудың бірінші турында француз әні "S.O.S. d'un terrien en detresse" орындады. Келесі турға сәтті түрде өтіп, екінші турда "All by Myself" әнін орындап, залда болған барлық көрермендерді тәнті етті. Димаш Құдайберген үшінші турда Adagio композициясын орындады. Өнер көрсеткеннен кейін әнші қазылар алқасын таңғалдыратын мәлімдеме жасады. Ол шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан түсіністікпен қарауды сұрады. Оның айтуынша, әнші балалармен бәсекеге түсуді қаламайды.

2019 жылдың 22 және 23 наурыз күндері әнші Димаш Құдайберген Мәскеудің Кремль сарайында екі концерт берді. Димаштың Мәскеудегі бірінші концерті қалай дүркіреп өтсе, екіншісі де жоғары деңгейде болды. Ресейдің бас сахнасы – Кремльдің алты мың орындық үлкен залы көрермендерге лық толды. Димаштың 56 елден келген фанаттарынан бөлек, Ресейдің түкпір-түкпірінен өнерсүйер қауым көптің аузында жүрген қазақ әншісін тыңдауға келген. Концерт үзіліссіз екі жарым сағатқа созылды. Димаш кеш барысында қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерінде ән шырқады. Тіпті "Screaming" әнімен концертті бастаған кезде қазақша рэп орындап, жұртты таңғалдырды. Концертте көпшіліктің сүйікті әндерімен қатар, жаңа туындылар шырқалды. Жиналған қауым әрбір әннен кейін Димашқа қол шапалақтап, қошемет көрсетуге тырысып бақты. Әсіресе, "S.O.S", "Дайдидау", "Грешная страсть" әндері жұртшылықты ерекше тәнті етті.

2019 жылдың 8 сәуірі күні Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқады. Примадоннаның ән кеші Мәскеуде "Crocus City Hal" концерттік залында өткен. 

Димаш Алла Пугачеваның "Любовь, похожая на сон" әнін жеріне жеткізіп орындады. Әнді продюсер әрі композитор Игорь Крутой сүйемелдеді.

Игорь Крутой Димаштың алдағы уақытта Ресей жұртшылығының зор ықыласына бөленетінін мәлімдеген еді. 

Бүгінгі күн Димаштың ресейлік тыңдармандарды жаулап алуымен тарихқа енеді деп ойлаймын, - деген еді ресейлік композитор.

2019 жылдың 29 маусымы күні Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда "Арнау" атты жеке ән кешін өткізеді. "Арнау" атты ән кешінде қазақтың халық әндері, қазақстандық және шетелдік танымал композиторлардың туындылары, сондай-ақ заманауи үлгіде өңделген Димаштың авторлық әндері шырқалды. 

Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды

Қазақстың танымал әншілері, аға буын өкілдері Димаштың талант екенін мойындап, әртүрлі бағдарламаларды өз пікірін білдірген еді. 

Халық әртісі Мақпал Жүнісова болса, Қазақстанда бұрын-соңды Димаштай әншінің болмағанын айтқан еді. 

Димаштай азамат мың жылда бір рет туатын шығар. Ол, шынымен де, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз десем, артық айтқаным емес. Димашты қайталаудың қажеті жоқ, ол - уникум, дара тұлға,- деген болатын халық әртісі әнші Астана арнасындағы «Сырласу»  бағдарламасында.

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова да Димаш Құдайбергеннің өнеріне өз бағасын берген болатын. Опера әншісінің Димашты кәсіпқой музыкант деп атады.

Димаш – әлемдік масшабтағы тұлға, жай көзбен-ақ көрініп тұр ғой. (...) Димаш ерекше. Ол классикалық әндерді де, халық әндерін де орындайды. Домбырада да керемет ойнайды, - деген еді Бибігүл Төлегенова.

Қарапайымдылықтың амбассадоры

Димаш Құдайберген сұхбаттарының бірінде барлығы уақытша екенін айтты. 

Қазіргі таңда менің өмірімде болып жатқан қызықты сәттер, сөздің шыны керек, уақытша нәрсе. Мысалы, әртістік өмір, танымалдылық. Күндердің бір күнінде мен де сахнадан түсіп, көрермен қатарына отырам. Сол кездебұрын араласқан, танымайтын көрермен менімен жылы сөйлесуі керек. Мен оларға тік қарай алуым керек, - деді Димаш Құдайберген.

Әнші атағандай, әрбір адамның өмірде рухани және кәсіби тұрғыдан дәріс алатын ұстазы бар. 

Әлемді аузына қаратқан Димаш 28-ге толды

Менің кумирім – әкем мен анам. Өзім ерекше еліктеп өскен бір ерекше жан бар. Мен 4-5 жасымда Ахмет Жұбанов атындағы колледждің жанынан құрылған балалар мектебі бар. Сол мектепке барғанда мені қарсы алған Марат Әйтімов. Ол кісі мені өнерге ғана емес, өмірге де үйретті, - деді әнші. 

Өзгелердің жаңалығы