Әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қалалар анықталды

13 Наурыз 2019, 18:14
3063
Бөлісу:
Әлемдегі өмір сүруге ең жайлы қалалар анықталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Mercer халықаралық консалтингті компаниясы өмір сүруге жайлы қалалардың рейтингін жариялады. Онда бірінші орынды осымен оныншы жыл қатарынан Вена қаласы иеленіп отыр.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Австрияның астанасы 39 белгі бойынша көш бастаған. Оның ішіне әлеуметтік ортаның сапасы, мәдени өмірі, саяси тұрақтылық деңгейі, білім беру, көлік тасымалының қолжетімділігі, бизнес үшін тартымдылығы кірген.

Екінші орында Швейцарияның Цюрих қаласы тұр. Ал үшінші орында бірден үш қала көрсетілген – Ванкувер (Канада), Мюнхен (Германия) және Окленд (Жаңа Зеландия). Алғашқы ондыққа сондай-ақ немістердің Дюссельдорф пен Франкфурт қаласы, даттық Копенгаген және швейцариялық Женева мен Базель қалалары кірген.

231 қала кірген бұл рейтингте Алматы қаласы 177 орында тұр. Көрші ел Ресейдің астанасы Мәскеу 167, ал Санкт-петербург қаласы 174 орында. Украинаның Киев қаласы 173 орынға жайғасқан. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы Ташкент қаласы – 203, Бішкек – 206 орында. Тізімнің ең соңында Бағдад қаласы тұр. 

Әлемдегі ең қауіпсіз қала ретінде Люксембург, Хельсинки және Швейцарияның Базель, Берн және Цюрих қалалары аталған.

Әділет Мұсахаев

Өзгелердің жаңалығы