Әлемдегі ең қымбат футболшылардың есімдері анықталды

23 Қазан 2023, 19:45
774
Бөлісу:
Әлемдегі ең қымбат футболшылардың есімдері анықталды
Фото: BAQ.KZ - архив

Холанд пен Мбаппе әлемнің ең қымбат футболшылары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд және франциялық «Пари Сен-Жермен» форварды Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат футболшылары екені белгілі болды. Бұл деректерді Transfermarkt порталы жария етті.

Портал деректері бойынша Холанд пен Мбаппе футболдағы ең сұранысқа ие ойыншылардың тізімін бастады. Олардың әрқайсысының құны - 180 млн еуроға бағаланған. Олардан кейін үштікке мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем еніп отыр. Оның құны - 150 млн еуро. 

Тізімдегі төртінші орынға испаниялық клубтың өкілі бразилиялық Винисиус Жуниор тұрақтады. Оның да құны - 150 млн еуроға бағаланған. Бесінші орында лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Букайо Сака тұр. Оның құны - 120 млн еуро.

Сонымен қатар ТОП-ондыққа Виктор Осимхен (120 млн еуро), Гарри Кейн (110 млн еуро), Джамал Мусиала (110 млн еуро), Филип Фоден (110 млн еуро), Деклан Райс (100 млн еуро) кірді.

Өзгелердің жаңалығы