Әлемде үшінші адам АИТВ дертінен жазылды

20 Ақпан 2022, 17:21
1929
Бөлісу:
Әлемде үшінші адам АИТВ дертінен жазылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар әлемде үшінші адамның АИТВ-дан емделіп шыққанын хабарлады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

АҚШ-тағы ЖИТС-ті халықаралық клиникалық зерттеу желісінің ғалымдары үшінші пациент дертінен құлан-таза айықты деп отыр. Орта жастағы әйел адам қан обырының эксперименттік терапиясынан кейін арада төрт жыл өткенде вирусты жеңіп шыққан. 

 Бұған дейін сүйек тінін трансплантациялағаннан кейін АИТВ толық ремиссиясының дәлелденген екі жағдайы белгілі болатын. Жоғары эксперименттік  емдеудің алдын ала нәтижесі биыл Денверде өткен ғылыми конференциясы барысында таныстырылды. Алайда ол туралы әлі рецензия жасайтын ғылыми журналдарға жарияланып үлгермеген. 

Белгілі болғандай, пациент кіндік қанының бағаналы жасушаларымен жасалған терапиядан соң сауыққан. 

Кіндік қанынан алынған бағаналы жасушалардың орнығып, жаңа қан жасушаларын өндіруі үшін бірнеше апта қажет көрінеді. Алайда АИТВ қорғаныс лейкоциттерінің бөлінуі басталғанға дейін оларға "шабуыл" жасауы мүмкін. Сол үшін ғалымдар бағаналы жасушаны ауыстырмас бұрын қан тобы сәйкес келетін туысының қанын құйып, трансплантатқа вирусқа қарсы уақытша қорғаныс берген.  

Одан бөлек, шаранадағы ДНҚ жасушасында  CCR5 генінің екі көшірмесінде де delta-32 мутациясы болған. Бұл ген  C-C-рецептор хемокин 5 С-С-рецепторының ақуызын кодтайды. Соның көмегімен АИТВ иммундық Т-жасушаларға қосылып, ішке енеді. Ал delta-32  мутациясы оны болдырмайды. Мұндай мутациясы бар адамдар АИТВ-ты қабылдамайды деп отыр мамандар.

Өзгелердің жаңалығы