Әлемде: Еуропадағы газ бағасы, Жапониядағы жер сілкінісі, Ормуз бұғазындағы жағдай

Әлемде соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасы.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 09:09
Бүгiн 2026, 09:09
140
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

BAQ.KZ cоңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.

Еуропада газ бағасы өсті 

Еуропадағы ең ірі газ хабы — Нидерландтағы TTF индексі бойынша мамыр айындағы (ең жақын) фьючерстер сауданы 516,4 доллар деңгейінде ашты (+9,2%).

Дүйсенбі күнгі ең жоғары баға 520,4 долларды (+10,1%), ал ең төменгі баға 479,8 долларды (+1,5%) құрады. Қазақстан уақыты бойынша 00:15-тегі жағдайға сәйкес көрсеткіш 483,9 доллар (+2,4%) деңгейінде қалыптасты.

Баға динамикасы алдыңғы сауда күнінің есептік құны – 472,7 доллардан есептелген.

Қытай Ормуз бұғазы бойынша мәлімдеме жасады 

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ормуз бұғазындағы қалыпты кеме қатынасын қалпына келтіруге шақырды, бұл халықаралық мүддеге сай екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Ормуз бұғазы қалыпты кеме қатынасы үшін ашық болуы керек; бұл аймақтық елдер мен халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделеріне сай келеді, – деді ол.

Қытай көшбасшысы тату көршілік, даму, қауіпсіздік және ынтымақтастық қағидаттарын ұстанатынын нақтылады. Ол аймақтық елдер «өз болашағы мен тағдырын өз қолына алып, аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікке үлес қосуы» керек деді.

17 сәуірде Иран Сыртқы істер министрлігі Ормуз бұғазын коммерциялық кеме қатынасы үшін ашу туралы шешімін жариялады. Бұған Израиль мен Ливан арасында қол жеткізілген атысты тоқтату туралы келісім себеп болды. Дегенмен, әскери кемелерге бұл теңіз жолымен өтуге әлі де тыйым салынған. АҚШ билігі Тегеранға алғыс білдірді, бірақ Америка әскери-теңіз күштері Иран порттарын қоршауды жалғастыра беретінін атап өтті. 

Жапонияның солтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды 

Жапонияның солтүстік-шығысы мен солтүстігінде 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болып, аймақтың Тынық мұхиты жағалауында цунами пайда болды.

Kyodo News агенттігінің хабарлауынша, екі адам жарақат алған.

Жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша жер сілкінісінің күші 5 баллға жетті және 19 шақырым тереңдікте болды. Дүмпулер Токионың кейбір бөліктерінде де сезілді. Шкала бойынша «5-ші дәреже» адамдардың бірдеңеден ұстамай жүру қиын болатын деңгей ретінде сипатталады.

Жергілікті билік екі адамның жарақат алғанын хабарлады: 80 жастағы ер адам құлап, аяғын сындырды, ал 20 жастағы әйел ми шайқалды.

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметі бойынша, Ивате префектурасындағы Куджи портында 80 см цунами тіркелді. Агенттік тағы бір күшті жер сілкінісінің қаупінің артуына байланысты Хоккайдодан Чибаға дейінгі жеті префектурадағы 182 муниципалитетке бір апталық арнайы ескерту жариялады.

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардың тұрғындарын биік жерлерге көшіруге шақырды.

Жер сілкінісінен кейін Тохоку Синкансен жоғары жылдамдықты пойызының қызметі тоқтатылғаны атап өтілді.

Финляндияда адам тұрмайтын арал толықтай жанып кетті 

Финляндия аумағындағы Лапландия өңірінде адам тұрмайтын арал толықтай жанып кетті.

Торнионйоки өзеніндегі Ликасаари аралы негізінен шөптесін өсімдіктермен көмкерілген, ал шыққан өрт айналаға қатты түтін таралуына себеп болған.

Жексенбі таңына қарай Карунки елді мекеніне жақын орналасқан Ликасаари аралы толыққа жуық жанып кеткен. Құтқару қызметтері өртті сөндірмей, оның бақылаумен толық жанып бітуіне мүмкіндік берген.

Сонымен қатар мамандар жалынның Торнионйоки өзеніндегі басқа аралдарға таралмауын және материкке жетпеуін қадағалаған.

Наверх