Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд орнатты

1 Қараша 2020, 11:32
1226
Бөлісу:
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік өсуі бойынша жаңа антирекорд тіркеді.

ДДҰ сайтындағы мәліметке қарағанда, әлемде соңғы тәулікте (31 қазандағы мәліметтер)  535 928 адамнан коронавирус анықталған. 

Алдыңғы рекорд 30 қазанда тіркелген еді, онда әлем бойынша 518 803 адамнан коронавирус анықталған болатын.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 45, 428 миллион адамға жетті. 

Өзгелердің жаңалығы