Әлемде азық-түлік дағдарысы күшейді

12 Наурыз 2022, 06:09
4121
Бөлісу:
Әлемде азық-түлік дағдарысы күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһандық азық-түлік дағдарысы күшейе түсті. Индонезия пальма майы экспортына шектеу қойып, азық-түлік қорын өз елінде сақтап қалуға тырысқан елдердің тізімін толықтырды. Бұл туралы finversia.ru хабарлады. 

Украинадағы қақтығыс әлемдік астық өндірісіне, азық-түлік майларын жеткізуге және тыңайтқыштар экспортына қауіп төндіреді. 

Бұл негізгі тауарлар бағасының қымбаттауына әкеледі. Мысалы, пальма майы әлемдегі ең көп қолданылатын өсімдік майы. Ол печенье, маргарин, кір жуатын ұнтақ мен шоколад өндіруде қолданылады. Биыл пальма майының бағасы 50%-ға өсті. 

БҰҰ-ның Азық-түлік агенттігінің деректері бойынша ақпанда азық-түліктің әлемдік бағасы 20,7%-ға қымбаттады. Әлемдік астық өндірісі де төмендеуі мүмкін. Өйткені табиғи газдың қымбаттауынан тыңайтқыштар өндірісі қысқаруы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы