Әлем кубогы. Екі жерлесіміз шаңғы акробатикасынан финалға шықты

19 Наурыз 2023, 14:40
547
Бөлісу:
Әлем кубогы. Екі жерлесіміз шаңғы акробатикасынан финалға шықты
Фото: prosports.kz

Алматыда фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңінде шаңғы акробатикасынан әйелдер арасындағы жарыста іріктеу сындары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Іріктеу талпыныстарының нәтижесі бойынша қазақстандық әйелдер Жанбота Алдабергенова (79,06 ұпай, 8-орын) пен Аяна Жолдас (72,13 ұпай, 9-орын) финалға шықты.

Іріктеу кезеңіндегі австралиялық Даниэль Скотт (98,34 ұпай) үздік атанды, одан кейін канадалық Марион Тено (94,11 ұпай) және америкалық Кайла Кун (89,14 ұпай) орын алды.

Өзгелердің жаңалығы