Әлем кубогі: Руслан Құрбанов семсерлесуден жартылай финалға шықты

17 Сәуір 2022, 10:47
1483
Бөлісу:
Әлем кубогі: Руслан Құрбанов семсерлесуден жартылай финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Бұл күндері Парижде (Франуия) семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Руслан Құрбанов жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салды. Оның ширек финалда қарсыласы Египет спортшысы Мохаммад Эльсаед болды.

Екеуара кездесу 15:14 есебімен аяқталып, жартылай финалға шықты.
Финал үшін бәсекеде Руслан Құрбанов франциялық Александра Барденетпен кездеседі.

Айта кетерлігі, әлем кубогі 17 сәуірге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы