Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
23 Мамыр, 23:10 510

Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан хоккейшілері Финляндияда өткен Әлем біріншілігінде Италия командасын 5:2 есебімен ойсырата ұтты.

Өз тобында алты рет жеңіліске ұшыраған Қазақстан командасы көптен күткен жеңіске қол жеткізді. Бастапқыда итальяндықтармен ойнау оңай болмады. Екі кезең қатарынан Қазақстан командасы аз-кем артықшылыққа ие болды. Бірақ, үшінші кезеңнің ортасына қарай біздің құрама шабуылды үдете түсті.

Бұл ойынның басты ерекшелігі - осы кездесуде жеңіске жеткен команда Әлем біріншілігінің элиталы дивизионындағы орнын сақтап қала алады.

Бұл міндетті қазақстандықтар қиын болса да абыроймен еңсерді.

Қазақстан құрамасынан итальяндықтардың қақпасына гол соққандар: Кертис Волк, Валерий Орехов, Әлихан Әсетов, Роман Старченко және Никита Михайлис.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...