Әлем чемпионаты: Холанд Норвегияны құтқарды, Мбаппе жаңа рекорд орнатты

Енді 1/8 финалдаНорвегия құрамасы Бразилияға қарсы ойнаса, Франция Парагваймен кездеседі.

 instagram.com/fifaworldcup Бүгiн 2026, 08:51
Бүгiн 2026, 08:51
152
Фото: instagram.com/fifaworldcup

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне шыққан тағы екі команда анықталды. Норвегия Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алса, Франция Швецияны 3:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.

Норвегия құрамасының жеңісіне шабуылшы Эрлинг Холанд шешуші үлес қосты. «Манчестер Сити» ойыншысы матчтың 86-минутында Патрик Бергтің пасынан кейін жеңіс голын соғып, өз командасын алға шығарды.

Осылайша, Холанд Норвегия сапындағы қатарынан 13-матчында гол соқты. Бұл жеңіс норвегиялықтарға 28 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

Матчтағы есепті 39-минутта Антонио Нуса ашса, Кот-д'Ивуар сапынан ойынға қосалқы құрамнан шыққан Амад Диалло 74-минутта таразы басын теңестірген болатын. Алайда кездесудің соңғы сәтінде Холандтың дәл соққысы Норвегияға жеңіс сыйлады.

Енді Норвегия 5 шілдеде өтетін 1/8 финалда Бразилия құрамасымен кездеседі.

Ал Франция құрамасы Швецияны 3:0 есебімен сенімді жеңіп, ширек финал жолдамасын иеленді. Матчтың басты кейіпкері Килиан Мбаппе болды. Ол екі гол соғып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі голдарының санын 10-ға жеткізді. Осы көрсеткішпен француз шабуылшысы турнир тарихындағы плей-оффтың ең үздік сұрмергені атанды.

Франция сапынан тағы бір голды Брэдли Баркола соқты. Ал Мбаппе турнирдегі гол санын алтыға жеткізіп, «Алтын бутсы» бәсекесінде Аргентина шабуылшысы Лионель Мессимен теңесті.

Енді Франция құрамасы 4 шілдеде өтетін 1/8 финалда Германияны пенальти сериясында жеңген Парагваймен кездеседі.

Наверх