Әлем чемпионаты: Хоккейден ел құрамасы қоланы сарапқа салады

2 Сәуір 2023, 12:44
960
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Хоккейден ел құрамасы қоланы сарапқа салады
Фото: Спортты Дамыту дирекциясы

Допты хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің бендишілер Швецияның оңтүстігіндегі Векшё қаласында өтіп жатқан 42-ші Әлем чемпионатында А тобында өнер көрсетіп, 4-орын алды. Енді 1-ші және 2-орын алған Швеция мен Финляндия финалда бас жүлдені сарапқа салады. Ал Норвегия мен Қазақстан құрамасы қола жүлдегерді анықтайды.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Қақпашылар – Бержан Ахметжанов пен Вячеслав Горчаков.

Ойыншылар – Рауан Исалиев (капитан), Еламан Әліпқалиев, Ершат Амангелдиев, Нұрбол Бөкешов, Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов, Денис Максименко, Болат Мұхит, Дәурен Оралов, Антон Свешников, Никита Яров, Самат Аманшин, Қуаныш Теміралин, Сұлтан Қадыржанов, Евгений Медведев, Максим Утибалиев;

Бендиден еліміздің ерлер құрамасы 21 рет әлем чемпионатына (алғаш рет 1995 жылы) қатысқан. Осы аралықта 6 мәрте қола жүлдеге ие болды. Атап айтар болсақ, 2012-ден 2015 жылға дейін үздік үштіктен түспеді. Жалпы допты хоккейден дүниежүзі чемпионаты елімізде 2012 жылы Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында өткен.

Өзгелердің жаңалығы