Әлем чемпионаты: Бибарыс Әшірбай күміс жүлдегер атанды

Кадеттер арасындағы әлем чемпионы әрі Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы атанған қарсыласы финалда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

 kaz.tengrisport.kz 28 Қазан 2026, 01:07
28 Қазан 2026, 01:07
219
Фото: kaz.tengrisport.kz
Черногорияның Будва қаласында бокстан World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан сынға түскен Бибарыс Әшірбай шешуші жекпе-жекте Ирландия боксшысы Джон Донохуеге есе жіберді. Кадеттер арасындағы әлем чемпионы әрі Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы атанған қарсыласы финалда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бибарыс Әшірбайдың финалға дейінгі нәтижелері:

· 1/16 финал: Сантьяго Хименез Лоссо (Аргентина) – 5:0;

· 1/8 финал: Люк Насиф (Аустралия) – 5:0;

· 1/4 финал: Асанте Ламар (АҚШ) – 3:0;

· 1/2 финал: Зулфикор Адхамжонов (Өзбекстан) – 4:1.

Айта кетейік, Бибарыс Әшірбай биыл Таиландта өткен Futures Cup турнирі мен U19 санатындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Ал келесі аптада қазақстандық боксшы Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдердің жазғы Олимпиадасында ел намысын қорғайды.

Наверх