Әлем алдағы бірнеше айда пандемияны бақылауға алады – ДДСҰ

20 Сәуір 2021, 20:50
1213
Бөлісу:
Әлем алдағы бірнеше айда пандемияны бақылауға алады – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейюс пандемияның қазіргі ахуалы қашан толықтай бақылауға алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы ұйым сайтында жарияланды.

Сovid-19 жұқтыру бойынша ахуал қатарынан сегізінші апта өсіп келеді. Қазір 5,2 млн-нан астам вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп отыр. Өлім-жітім саны бесінші апта көбеюде. ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, 3 миллионнан астам өлім жағдайы тіркелген.

Адам шығынының бір миллионға жетуі үшін тоғыз айдай уақыт қажет болды; екі миллионға жету үшін төрт ай, үш миллионға жету үшін үш ай уақыт. Бұл әрқайсысымыздың отбасымыз бен қоғамымыз үшін де өте қайғылы жағдай, – деді Гейбрейюс.

Ұйымның дерегінше, әлем бойынша 25-пен 59 жас аралығындағы науқастардың инфекцияны жұқтыруы тез өсуде. Мұның себебі - жастар арасында жаңа штамның тез таралып, әлеуметтік белсенділіктің артып жатқандығында.

Гебрейюс егер қажетті ресурстарды әділ бөлген жағдайда Covid-19 пандемиясын болдырмауға болатынын алға тартты.

Біздің алдағы бірнеше ай бойы пандемияны бақылауға алатындай әдістемелеріміз (құралдарымыз) бар. Егер онымен күресуді нақты және әділетті түрде қолға алсақ, - деді ол.

Ол вакцина өндірген елдерді технологиясымен бөлісуге, ал табысы төмен және орташа елдердегі өндіріске қызығушылық танытуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы