Александр Куликов слаломды есуден олимпиада жолдамасын жеңіп алды

2 Мамыр 2021, 12:48
1221
Бөлісу:
Александр Куликов слаломды есуден олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландтың Паттайя қаласында слаломды есуден Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Аталған сында Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александр Куликов жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 80.42.  Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпаз спортшыға беріледі.  

Финалда бақ сынаған Қуаныш Еренғайыпов 7-ші орыннан көрінген. Ақтық сында жалпы есебі он спортшы бақ сынады.  

Айта кетелік, Александр Куликов 2018 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанып, спорттың бұл түрінен Қазақстанға Азиаданың алғашқы медалін сыйлаған болатын. 



Өзгелердің жаңалығы