Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты

27 Сәуір 2023, 02:27
530
Бөлісу:
Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған колумбиялық Даниэль Элаи Галанмен өткізді.

Бірінші партия бір сағаттан астам уақытқа созылып, онда А. Бублик бесінші сетболын пайдалана алды - 7:6 (17:15).

Екінші сетте колумбиялық спортшы тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда А. Бублик жеңісті жұлып алды - 6:4.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А. Бублик 17 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 5 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы