Алекешев: Есірткіні тұтынушы да, таратушы да – жастар

29 Наурыз 2024, 11:54
252
Бөлісу:
Алекешев: Есірткіні тұтынушы да, таратушы да – жастар
Фото: Артём Чурсинов - архив

Кәмелетке толмаған баланың есірткі курьерлерінің немесе нашақорлардың қатарына қосылып кету қаупі жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы "Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатқанын айтты. Осы тарапта Ішкі істер органдары жыл басынан бері оқу орындары мен спорт ұйымдарында 2190 профилактикалық іс-шара өткізген. Басты назарда - жоғары сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қамтылды. Себебі ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев те есірткіні тасымалдаушы жастар екендігін айтты.

Өздерінің тәжірибесіздігіне байланысты жастар есірткі сатушылардың құрығына түсіп жатады. Түсіндіру жұмыстарымен қатар іздестіру шаралары да жалғасуда. Қызметтік иттердің көмегімен жатақханалар мен сәлемдемелерді жеткізетін логистикалық компанияларға тексерулер жүргізіледі. Полиция еріктілермен және ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп, қалаларда есірткі жарнамаларын, "синтетиканы" өткізу үшін жастарды жалдау туралы интернеттегі хабарландыруларды, граффити суреттерді анықтауды жалғастыруда.  1,5 мың белсенді азаматтың қатысуымен үш айда осындай 500-ден астам іс-шара өткізілді, - деп атап өтті ол.

Маманның сөзінше, кез келген оқушы интернетті еркін пайдалана алады. Сондықтан кәмелетке толмаған баланың есірткі курьерлерінің немесе нашақорлардың қатарына қосылып кету қаупі жоғары. Есірткі ортасына "бос жүрген" жастардың, студенттер мен мектеп оқушыларының қосылуы – бұл ересектердің өз балаларына және олардың жасына тән проблемаларға назар аудармауының салдары.

Өзгелердің жаңалығы