Коронавирус: Цой ревакцинацияның қашан басталатынын айтты

6 Қазан 2021, 17:13
19805
Бөлісу:
Коронавирус: Цой ревакцинацияның қашан басталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Қазір зерттелу үстінде. Қазақстан Еуропа аумағында ревакцинациямен айналысатын ауқымды жұмыс тобының құрамына кірді. Іс барысында ревакцинацияны сақтықпен жүргізу туралы алдын ала қорытындымыз бар. Ең алдымен, халықтың әлсіз топтарын вакциналайтын боламыз. Сонымен қатар бірінші кезекте тұрған жұмысшылар мен вакциналанбаған екпе алатын болады, - деді ол.

Сонымен қатар ол иммундау комиссиясының қазіргі таңда қандай вакцинаның қажеттігін және доза мөлшерін қарастыру үстінде екенін айтты.

Жуық арада комиссия шешімімен, аталған бағдарламаны мақұлдау мақсатында параметрлері мен ұсыныстары таныстырылады. Өйткені біз әлемдік ахуалды жіті бақылап отырмыз. Әр елде әртүрді тәсіл қолдануда. Бірақ бәріндегі ортақ динамика бар. 6-9 айдың ішінде ревакцинация жұмыстары көп елде басталуы мүмкін. Оларға алдыңғы жылы қараша-желтоқсан айында вакцина жұмыстарын бастаған мемлекеттерді жатқызамыз. Бұл елдердің тұрғындары вакцинаның екінші дозасын алғандарына 9 айдан асып бара жатыр. Біз олардан тәжірибесіне қарай ревакцинацияны іске асыруымыз керек, - дейді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, елімізде ревакцинация жұмыстары қараша-желтоқсан айында басталуы мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы