Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

13 Қараша 2023, 14:23
1123
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарашаның әдеттен тыс жылы басталуы қысты едәуір кейінге шегерді. Алдағы күндері болжам бойынша ауа температурасы аса қатты өзгермейді, күн жылы болады. Алдымен еліміздің батыс, содан кейін қалған өңірлеріне оңтүстік және атлантикалық жылы циклон әсер етеді. 

Олар ауа-райын бұлтты және жаңбырлы еткенімен ауа температурасы біркелкі жылы болады деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстік аймақтарында бұлтты ауа-райы сақталады және күндізгі ауа температурасы 17-22 градус дейін жоғарылайды деп болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы