Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

14 Тамыз 2023, 21:24
649
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2023 жылғы 15-17 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Республикамыздың басым бөлігінде температуралық фон баяулап көтеріле бастайды. Батыс аймақтарда қатты ыстық шамалы төмендейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы