Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

17 Шілде 2023, 16:15
730
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 18-20 шілде аралығына ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, ҚР солтүстік жартысында қатты жаңбыр күтіледі.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның нәтижесінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады, екпінді жел күтіледі. 18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. 18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық күтілуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы