Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

18 Шілде 2022, 13:30
1283
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ. Синоптиктер республика бойынша 2022 жылдың 19-21 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жасады.

Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, содан кейін 20 шілдеден бастап – Солтүстік-Батыс циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалында болады.

Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. 

Батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус қатты ыстық күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы