Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

12 Ақпан 2024, 12:52
12857
Бөлісу:
Алдағы үш күнде күн райы қандай болады
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13-14 ақпанда фронтальды бөлімдердің өтуінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр аралас қар жауады, солтүстік өңірлерде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ  болады, сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 аяз -5 жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 аяз-2 жылыға дейін жоғарылайды. 

15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді, ол аязды республиканың солтүстік жартысына қайтарады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.

Өзгелердің жаңалығы