Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын күтіледі.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жалпы ел аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіліп отыр.
Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:
-
Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
-
Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
-
Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
-
Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.
Осыған дейін «Қазгидромет» 13 қазанда 17 өңірде дауылды ескерту жариялап, 8 қалада ауа сапасы нашарлайтыны туралы мәлімдеген.