Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

13 Қазан 2026, 08:32
АВТОР
 depositphotos.com 13 Қазан 2026, 08:32
13 Қазан 2026, 08:32
115
Фото: depositphotos.com

Бүгін, 13 қазанда Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана және Орал қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желдің бәсеңдеуі, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін. Бұл елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауына және адам денсаулығына кері әсер етуіне әкелуі ықтимал.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды ұсынады. Сондай-ақ, балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуін шектеуін, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдардың қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруін, даладағы дене белсенділігін азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысуды ұсынады.

Наверх