Алдағы үш күнде 33 градус ыстық болады

25 Сәуір 2023, 07:36
659
Бөлісу:
Алдағы үш күнде 33 градус ыстық болады
Фото: turkystan.kz

Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы