Алдағы үш күн жаңбырлы бола ма?

21 Қыркүйек 2023, 18:10
972
Бөлісу:
Алдағы үш күн жаңбырлы бола ма?
Фото: Мақсат Рысбеков - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

синоптиктер болжамынша, елдің батысында жауын шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де сақталып тұр. Найзағай мен екпінді жел болып, бұршақ жауады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады деп болжануда, - дейді мамандар.

21 қыркүйекте оңтүстікте, 21-23 қыркүйекте, шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжануда. 

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ауа температурасы күндіз республиканың батыс облыстарында 24-30-ға дейін, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін көтеріледі,.

Республиканың солтүстігінде 10-16-ға дейін төмендейді, орталықта негізгі фон 10-23 жылы, шығыста 10-15-ке дейін төмендейді.

Оңтүстікте 20-28-ге дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста 12-22-ге дейін , таулы аудандарында 2-10 жылы градусқа дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы