Алдағы уақытта жол апаты болған жерге полиция шақырылмайды

5 Қаңтар 2024, 02:44
3178
Бөлісу:
Алдағы уақытта жол апаты болған жерге полиция шақырылмайды
Фото: baq.kz

Енді көлік иелері ұсақ жол апаты болған жерде полицейсіз-ақ, өзара келісіп, онлайн хаттама толтыра алады. Бұл туралы BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүйенің жұмыс істеуін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақылайды.

Еурохаттама арқылы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін міндетті үш шарт бар. Біріншіден, көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде. Екіншіден, жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болса және кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушілік болмаған жағдайда толтырады. Үшіншіден, апатта денсаулығына залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген залал сомасы 100 АЕК аспаса толтыруға болады, – деді ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары Айтжан Тайкенов.

Бар-жоғы үш күннің ішінде "Еурохаттама" қосымшасы арқылы жол апатын онлайн тіркеуге мыңнан аса өтініш келіп түскен.

Соның алтауы "тіркелді" деген мәртебе алып, өтініш бірыңғай сақтандыру деректер базасына жіберіліпті.

Жалпы жол апатын рәсімдеу үшін бар болғаны "Еурохаттама" мобильді қосымшасында тіркеліп, апат орнынан фото және видео түсірсе жеткілікті. Ал қандай да бір сұрақ туындай қалса, жүргізушілер жақын жердегі полиция бөліміне жүгіне алады. Жаңа жылда іске қосылған жобаның біршама артықшылығы бар. Мәселен, ертеректе бұл процесс 90 күнге дейін созылса, ендігіде тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға дейін тек бес күн уақыт керек.

Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол апаты кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылмайды. Ешқандай айыппұл төлемейді.

Өзгелердің жаңалығы