Алдағы уақытта үсік жүреді

20 Мамыр 2024, 16:06
21428
Бөлісу:
Алдағы уақытта үсік жүреді
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталып отыр. Найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауып барлық дерлік аудандарда қатты жел тұруы мүмкін. Тек батыс аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбыр болмайды, түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат аясында температура күндіз жылынады: батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыға дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градус жылыға дейін жоғарылайды, тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7-15 градус жылыға дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы