Алдағы уақытта үсік жүреді

19 Тамыз 2022, 12:15
5104
Бөлісу:
Алдағы уақытта үсік жүреді

Алдағы тәулікте елдің басым бөлігі ауқымды антициклонның жотасы аймағындағы атмосфералық фронттардың әсерінде қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, елдің солтүстік жартысы мен шығысында түнгі уақытта 2° үсік жүріп, тұман басады. Еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.  

Ауаның температурасы батыста түнде + 12 + 22-ден +15+25°С-қа дейін, күндіз + 27+35-тен +30+38°С-қа дейін аздаған төмендеуі болжанады, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында ауа температурасы түнде + 1+10°С, күндіз +13+23, елдің оңтүстігінде түнде +8+18 градус жылы, күндіз +20+28-ден +23+30°С-қа дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +5+13, күндіз +17+25-тен +13+23°С-қа дейін ауытқиды.

Өзгелердің жаңалығы