Алдағы күндері жауын-шашынды болады

23 Тамыз 2023, 12:02
965
Бөлісу:
Алдағы күндері жауын-шашынды болады
Фото: BAQ.KZ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температурасы төмендеп, жаңбырлы болады.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жел тұрып, жаңбырлы болып, бұршақ жаууы мүмкін. 

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 

Ауа температурасының ең жоғары төмендеуі республиканың солтүстік өңірлерінде күтіледі, солтүстіктегі ауа температурасы түнгі уақытта 7-12 жылыға дейін, күндіз 17-22 жылыға дейін төмендейді.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.

Өзгелердің жаңалығы