Алдағы күндері жаңбыр жауып, көктайғақ болады

11 Наурыз 2024, 15:19
327
Бөлісу:
Алдағы күндері жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Фото: BAQ.KZ -архив

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

12 наурызда Павлодар және Қарағанды, 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты жауын-шашын мен қар күтіледі. 

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болжануда.

Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы түнде 10-20 аязға дейін, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді деп күтілуде, ал оңтүстікте термометрлердің бағандары түнде минус белгісімен 2-12-ге дейін төмендейді, күндіз 6 градус жылы болады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы